8 наурыз мерекесі

Мерекенің басты мақсаты – аналар мен әжелерге, аяулы аруларға деген құрмет пен сүйіспеншілікті дәріптеу, балалардың отбасы құндылықтарын бағалай білуіне тәрбиелеу болды.

Мерекелік кеште бүлдіршіндер аналар мен әжелеріне арнап ән шырқап, би билеп, жүрекжарды өлеңдерін оқыды. Әсем безендірілген залда өткен мереке барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Аяулы аналардың мейірімі мен қамқорлығы – әр баланың бақыты мен өмірінің шамшырағы. Осындай мерекелік шаралар балалардың үлкенге құрмет, анаға деген ізет пен сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға зор ықпал етеді.

Made on
Tilda