«Ертегілер еліне саяхат» – қиялға қанат бітірген ерекше күн
Балабақшамызда ай сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Ертегілер еліне саяхат» іс-шарасы бүлдіршіндерді ертегінің сиқырлы әлеміне жетелейді. Бұл жолы балалардың сүйікті «Үйшік» ертегісі қуыршақ театры арқылы сахналанып, кішкентай көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Ертегі кейіпкерлерімен бірге қуанып, бірге толқыған бүлдіршіндер оқиға желісіне қызыға қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Іс-шараның жалғасында тәрбиеленушілер ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп, «Үйшік» ертегісін сахналады.

Made on
Tilda