Қазіргі таңда балабақшаларда балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, сөйлеу қабілетін және шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында «Балалар кітапханасы» бағыты бойынша балалар әдебиеттерін оқу-тәрбие үдерісінде қолдануға көңіл бөлінуде. Осы бағытта Arman-PV баспасының балаларға арналған көркем және танымдық кітаптарды пайдалана отырып “Ертегілер әлеміне саяхат» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру үдерісінде бала – тек тыңдаушы емес, белсенді қатысушы. Балаларға дайын ақпаратты тәрбиешінің айтып беруінен гөрі, олардың өздігінен ойлануына, пікірін білдіруіне, көргені мен түсінгенін өз сөздерімен жеткізуіне мүмкіндік беріледі.
Бұл тәсіл баланың сөйлеу қабілетін, сөздік қорын, есте сақтауын, қиялын, шығармашылық ойлауын және өз ойын еркін жеткізу дағдысын дамытуға ықпал етеді.
Яғни қазіргі білім берудегі басты ұстанымдардың бірі – «тәрбиеші айтады, бала тыңдайды» емес, «тәрбиеші бағыттайды, бала ізденеді, ойланады және өз ойын өзі жеткізеді».